Ресей Мемлекеттік думасы президент Владимир Путиннің конституцияға өзгеріс енгізу ұсынысын бірауыздан мақұлдады. Бұл реформаларды төменгі палатада 432 депутат қолдап дауыс берген. Және де бірде-бір адам оған қарсылық білдірген жоқ.
Айта кетсек, Дума – биліктегі «Единая Россия» партиясының бақылауында.
Аталған өзгерістер нәтижесінде бүгінде президентке кеңес берумен шектеліп жүрген Мемлекеттік кеңестің рөлі артып, оның мәртебесі негізгі заңда бекітіледі. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл органды 2024 жылы биліктен кеткеннен кейін Путиннің өзі басқаруы мүмкін. Алайда, Кремль басшысы президенттік өкілеттігі аяталғасын немен айналысатыны туралы жоспарын әзірге жарияламай отыр.
Арыстан РЫСБЕК