Венесуэлада плантацияда шыққан өрттен 12 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада плантацияда шыққан өрттен 12 адам көз жұмды

24.01.2020
Венесуэлада плантацияда шыққан өрттен 12 адам көз жұмды

Венесуэлада плантациядағы өрттен 12 адам қайтыс болды. Тағы 13 адам жарақат алды. 

Зардап шеккендердің ішінде 3 кәмелетке толмаған бала бар. Балалар ауруханаға күйік диагнозы бойынша түскен. 

Өрт бейсенбі күні Венесуэланың Арагуа штатындағы қамыс плантациясында басталды.

Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде. Өрттің себебі анықталуда.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу