«Мен сіздің пікіріңізбен мүлдем келіспеуім мүмкін. Бірақ, сіздің сол пікіріңізді ашық айтуға хақыңыз болу үшін мен өмірімді беруге дайынмын»-депті Вальтер. Бізде бүгін екпеге қатысты елдің пікірін, дәрігерлердің уәжін жеткіздік. Балаға вакцина салуды тек мамандарға жүктеп маужырап отыруға болмайды, оны білесіздер. Ата-ана да көп нәрседен хабардар болуы шарт. Ендеше сәбиіңізге екпе салдырарда нені ескеру керек? Қандай жағдайда уақытша вакцинадан бас тартқан дұрыс?
Марина АБДОЛЛАҚЫЗЫ