1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді

28.01.2020
1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді

2020 жылғы 1 шілдеге дейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің нарықтық инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты. 

«Қаржы нарығын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету және Қазақстанға шетелдік капиталды тарту жұмысы аясында Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің нарықтық инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді. Бұл, бір жағынан, қаржы ұйымдарының балансындағы валюта қаражатын экономиканы ұлттық валютада кредиттеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, шетелдік инвесторларды валюталық тәуекелдерден қорғау құралына айналады. Нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемін ІЖӨ-нің 30 пайызына дейін жеткізуге ықпал етеді»,- деді Ұлттық банк төрағасы. 

Оның атап өтуінше, көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін арттыру мәселелері Ұлттық банктің негізгі басым міндеттерінің бірі болып саналады. 

«Ұлттық банк алға қойған мақсаттарға жету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Үкіметпен бірлесіп, 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді. Ұлттық төлем жүйесі барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді негізде құрылатын болады»,- деді Ерболат Досаев.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу