Мемлекеттік органдар бір апта ішінде бюджетін қайта қарап, шығындарды қысқартуға қатысты есеп беруі керек. Түрлі форумдарды өткізіп, қымбат көлік пен жиһаздарды сатып алуға мораторий жариялау туралы президенттің ұсынысын Үкімет қолдап, оны орындауға кірісті.
Тіпті қазірдің өзінде 30 миллиард теңгеге жуық шығын қысқарған. Десе де бұл жеткіліксіз.
Тапсырманы іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі арнайы тұжырымдаманы әзірлеп, оны жария етті.
Досжан Маратұлы