Темекенің заңсыз тасымалына тосқауыл қойылады. Ол үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде темекі акцизіне бірдей баға белгіленбек. 2018 жылы одақ елдері арасында 20 миллиард қорап темекі заңсыз саудаланған. Нәтижесінде төленбеген акциздер мен салықтан келген шығын көлемі 1 миллиард долларға жеткен. Теңіз порты арқылы Грузия мен Біріккен Араб әмірліктерінен ел аумағына заңсыз темекі өткізбек болған фактілер тіркелді. Одақ елдері мен Еуропалық одаққа заңсыз темекі өнімдерінің басым бөлігі Беларусь республикасынан тасымалданады екен.
Индира БЕГАЙДАР