Қарағандыда Сарыарқа әуежайына баратын жол бойында 65 жастағы ер адам көз жұмды. Қар құрсауында қалған автокөлікті тартып шығарғаннан кейін, машинаның ішінен шыққан ол бірден жан тәсілім еткен. Сот сараптамасынан кейін ер адамның неден көз жұмғаны белгілі болмақ. Мамандар күн райы бұзылып тұрғанда алыс жолға шықпауға кеңес береді.