Елжан Біртанов Назарбаев әуежайындағы санитарлық бекеттің жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов Назарбаев әуежайындағы санитарлық бекеттің жұмысымен танысты

29.01.2020
Елжан Біртанов Назарбаев әуежайындағы санитарлық бекеттің жұмысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Нұр-Сұлтандағы Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды.

Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгінде елорда әуежайында ҚХР-дан келген 6 мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Олардың барлығы ұшақтан түспей тұрып сауалнама толтырады. Ол Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды 14 күн бойы бақылауда ұстау үшін қажет. 

Жалпы, профилактикалық жұмыстар 6 қаңтарда басталған. Е.Біртанов санитарлық карантиндік пункттегі сақтық шараларын күшейтіп, мамандардан тек ұшақ бортында ғана емес, оқшаулау бөлмесінде де арнайы костюм киіп жүруді талап етті. 

Сондай-ақ Е.Біртанов Назарбаев әуежайындағы оқшаулау бөлмесін кеңейту туралы тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу