Барлығы - 536 адам. Оның 241-і түнгі сағат 12-де Алматыға ұшып келген. Олар аспан асты елінің Хайкоу деген қаласына кеткен туристер. Ал бүгін таңғы сағат 8-де 295 жерлесіміз Қытайдың Санья қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына түсті. Бұл жолаушылардың тізімі алдын ала Денсаулық сақтау министрлігіне берілген. Мамандар олардың барлығын жіті тексеруден өткізді. Келушілерден күмәнді белгі анықталмапты. Жағдай қалыпты.
Арыстан РЫСБЕК