Бұған өткен жазда ылғалдың аз түсуі себеп болды. Құрғақшылықтың кесірінен алқаптағы астық күйіп, шабындықтарға мүлде шөп шықпай қалған. Әсіресе, оңтүстік аудандардағы ахуал қиындады. Мысалы, облыста 1 қазанға дейін қажетті 1,5 млн тоннаның орнына 1 млн тоннадан сәл асатын шөп жиналған. Ал 600 мың тонна жемнің жартысы ғана дайындалып, қамбаға құйылған.
Тығырықтан шығуға Үкімет тарапынан көрсетілген көмек сеп болды. Аймақтағы құрғақшылықтан зардап шеккен 8 ауданға ел қазынасынан жем-шөп сатып алу үшін 380 млн теңге бөлінді.
Дәуренбек Әбдібек