Түркістанда жемқорлыққа қарсы жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жемқорлыққа қарсы жиын өтті

29.01.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Ақпараттық штабтың үгіт-насихат тобы Түркістанға барды. Облыс әкімдігінде жиын өткізген штаб мүшелері мемлекеттік қызметшілерге адалдық, парасат, әділдік турасында дәріс оқыды. Жемқорлықтан қоғам болып құтылудың амалдарын қарастырды.

Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында жемқорлықтың 73 дерегі тіркелген. Ұсталғандардың 15-і қазына қаржысын жымқырды, ал 57-сі пара алды деп айыпталып отыр.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу