Ақтауда мұғалім қызылшаға шалдыққан, мектепте жаппай вакциналау шаралары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мұғалім қызылшаға шалдыққан, мектепте жаппай вакциналау шаралары жүріп жатыр

29.01.2020

Ақтаудағы мектептердің бірінде қызылша ауруын жұқтырған мұғалім анықталды. Осыған байланысты білім ордасында инфекциялық аурудың алдын алу үшін жаппай егу шаралары басталды.  

Бастауыш сынып мұғалімі №12 мектепке биыл қаңтар айында жұмысқа орналасқан. Бас-аяғы 7 күн сабақ беріп, сырқатына байланысты емделуге кеткен. Көп ұзамай мұғалімнің қызылша дертіне шалдыққаны белгілі болды. 

Қазір аталған мектепте мұғалімдер мен оқушыларды тексеру шаралары жүруде. Әзірге ауру жұқтырған адам анықталған жоқ. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу