Шығыс Қазақстандағы Үржар ауылында шағын және орта бизнес қарқын алуда. 19 мың халық тұратын ауыл - өңірдегі ең ірі аудан орталығы. Қазір онда тұрғындардың тең жартысы кәсіпкерлікпен шұғылданады.
Жыл сайын туризм дамып келе жатқан өңірде кішкентай ғана ісін, ірі бизнеске айналдырғандар көп. Солардың бірімен өңірдегі тілшіміз Ержан Жақып танысып қайтты.