Мектептерге мұғалімдер қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерге мұғалімдер қажет

30.01.2020

Алматыда Білім және ғылым министрі болашақ педагогтармен кездесіп, оларды мектепте мұғалім болуға шақырды.

Кездесу барысында педагогтардың мјртебесін арттыруға бағытталған жұмыстар мен білім беру саласы бойынша екі маңызды құжаттың қабылданғандығы айтылды. Ол 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы мен педагог мәртебесі туралы заң.

Министрдің сөзінше, аталған құжаттардың нәтижесінде педагогикалық қызметкерлердің жағдайы түзеліп, білім сапасы артады. Еркін диалогқа құрылған жиын барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ұсыныстарын білдірді.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу