Әзірбайжан банкі Қазақстанға қарызын мерзімінен бұрын қайтаруға келіспеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан банкі Қазақстанға қарызын мерзімінен бұрын қайтаруға келіспеді

24.05.2017

Зейнетақы қоры салымшыларының 70 млрд теңгеден астам қаржысын Әзірбайжан банкіне салу туралы шешімді Ұлттық банктің бұрынғы қызметкерлері қабылдаған. Ал, енді банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкі Қазақстанның бұл қыруар қаражатын мерзімінен бұрын қайтаруға келіспеді. Қарызға қатысты мәселеде көп сұрақ жауапсыз қалды. Енді Ұлттық банк істі құқық қорғау органдарына бермекші. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қаржылық реттеуші құрылымның төрағасы Данияр Ақышев осылай деді. Оның сөзінше, әлемдік тәжірибеде мұндай жағдайлар кездеседі. Ал, оны шешу үшін заң тұрғысынан құжаттарды реттеу шаралары жүріп жатыр. Сондықтан, Ұлттық банк қарызды аз шығынмен қайтаруға тырысып бағуда. Сондай-ақ, Бас банкир биылдан бастап екінші деңгейлі банктерден зейнетақы қорының активтерін шығаруға кіріскенін жеткізді. Осылайша, 10 миллионға жуық салымшысы бар қор жұмысын жүйелеп, бір ізге түсіруді қолға алды. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу