Жұртты шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқ 5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұртты шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқ 5 жылға сотталды

30.01.2020

23 адамды шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Көкшетау қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Азаматша Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарын Норвегияға жұмысқа жіберемін деп сендірген. 

Жәбірленушілер 100-700 мың теңге көлеміндегі қаражаттарын айлакерге өздері ұстатқан. Барлығын қосқанда 11 миллион теңгеден астам қаражат жинап берген. Алайда шетел асқан ешкім жоқ.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу