Шығыс Қазақстанда қалың жауған қардан дала жануарларына қорек табу қиындап кеткен сыңайлы. Өйткені әдетте елдімекенге жоламайтын жабайы марал Глубокое ауданындағы ауылға жақын келген. Қазір жергілікті орманшылар оған күніне екі рет жем-шөп беріп жүр.
Мамандар жаратылысы үркек жануардың ауыл маңына жақын келуі сирек кездесетін жайт екенін айтады. Сондықтан оны браконьерлерден қорғау үшін де қам жасап, көзден таса қылмауға тырысып жатыр.
Берік Көшербай