Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Е.Көшербаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Е.Көшербаевты қабылдады

30.01.2020

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңызы зор. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы, Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдау кезінде осыны айтты. Кездесуде одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамыту мәселелрі әңгіме өзегі болды. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев, жаңа қызметке тағайындалған Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу