Енді барлық ұялы телефонға ортақ қуаттағыш жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді барлық ұялы телефонға ортақ қуаттағыш жасалмақ

30.01.2020

Бельгияда Еуропарламент қабылдаған заң бойынша енді барлық ұялы телефондар үшін ортақ қуаттағыш жасалады. Оған сәйкес, Еуропа аумағында мобильдік және портативтік құрылғылар, планшеттер, цифрлық камералар бірдей зарядтау құрылғысымен жұмыс істейді. Ол үшін micro-USB стандартты кабелі қолданылмақ.

Мұндай шешім экологиялық және экономикалық себептерден қабылданды. Статистикаға сәйкес, жыл сайын бүкіл әлемде 50 мың тоннадан астам қуаттағыш қоқысқа тасталады. Бұл қоршаған ортаға зиянын тигізіп қана қоймай, қаржылық тұрғыдан да тиімсіз.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу