Баянауылдың экс әкімі мен әкімшіліктегі жауапты тұлғаларға қатысты тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылдың экс әкімі мен әкімшіліктегі жауапты тұлғаларға қатысты тергеу басталды

31.01.2020

Қарағандыдан келіп Баянауыл аумағында жол саған «Сапа+» ЖШС-і және Баянауылдың экс әкімі мен әкімшіліктегі жауапты тұлғаларға қатысты тергеу басталды.

Өткен жылы өңірде жол салу және жөндеу жұмыстары бойынша рекордтық көлемде қаржы игерілді. Мәселен, республикалық маңыздағы жолдарға 39 миллиард теңге, облыстық деңгейдегі жолдарға 11 миллиард теңге бөлінді. Жыл аяғында жауапты тұлғалар 527 шақырым жол дайын деп есеп берді. Ал бақылаушы тарап жол сапасында мін көп екенін айтады.

Зертханалық тексерулер нәтижесінде 400-ден аса заң бузушылық деректері тіркелді. Мердігерлерге ескерту жіберілді. Олар биылғы көктемде өз қаражатына шала жөнделген аумақтарды қайта жамап-жасқайды.

Бұл бақандай 37 шақырым жол. Жергілікті әкімшілік оған бөлінген қаржыны толықтай аударып, сапасына қарамастан құжатқа қол қойып, қабылдап алған. Қазір ауданның экс әкімі мен тұрғын үй коммуналдық қызметі бөлімі басшысына қатысты тергеу басталды.

Бұған дейін Майқайың елді мекені мен Екібастұз арасын жалғайтын облыстық деңгейдегі күре жолды төсеуге 1,5 миллиард теңге бөлінді. Көп ұзамай мамандар жолдың сапасыз салынғанын анықтады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу