Оралдағы колонияда жазасын өтеп жатқан 246 адам азапталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы колонияда жазасын өтеп жатқан 246 адам азапталған

02.02.2020

Оралда РУ-170/3 қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 246 адам азап көргендерін айтып, бейнежазба таратты. Баяндауынша, киімдерін шешкізіп, ұрып-соғып, аязда далада тұрғызған. Ұлттық превентивті механизмдерді жүзеге асыру тобының Батыс Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Павел Кочетков ақпаратты растады. Тұтқындардың аязда 3 сағаттай тұрғанын, дубинкамен таяқ жегендерін, тепкіленгендерін жеткізді.

Түрмелердегі азаптау тақырыбы журналистік блокнотта өшірілмей тұратын пункт. Адам құқықтары кәдімгі тіршілікті мыжғыланып тапталып жатады, ал ондай орындарда... деумен келіспейміз.

Азаптауға, қорлауға, мансұқ етуге кәдімгі тіршілікте де, жазалау мекемелерінде де, барлық жерде жол берілмеуі тиіс. Солайы солай ғой, бірақ... деп өзіміз тағы жалғастырамыз. Себебі азаптаудың соңы адам өлімімен аяқталып та жатады. Бұл енді жауыздықтың шыңы шығар...

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу