Украина Иранның өтемақысын қабылдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Иранның өтемақысын қабылдамады

03.02.2020
Украина Иранның өтемақысын қабылдамады

Иран билігі Тегеран түбіндегі ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына 80 мың доллар көлемінде өтемақы беруді ұсынған. Бірақ Украина бұл соманы жеткіліксіз деп отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Зеленский көбірек өтемақы алу үшін Тегеранға қысым жасауға уәде берді. Қазіргі уақытта Украина билігі отбасыларға 200 мың гривен төледі. 

Еске салайық, МАУ әуе компаниясының «Boeing 737» ұшағы Тегераннан Киевке ұшуы керек болған, бірақ 8 қаңтарда әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан экипаждың тоғыз мүшесі мен 167 жолаушы қаза тапты. 

Хабарламаларға жазылу