Атырауда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасы сын көтермейді

03.02.2020

Атырауда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердің құрылысы сапасыз болып шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті тексеру жүргізіп, біраз олқылықтың бетін ашты. 

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін мемлекеттік негізде тұрғызылған 3036 пәтерлік 49 тұрғын үй мерзімінен кеш берілген. Сондай-ақ соңғы бір жылдың ішінде 12 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жарамсыз болып, кемшіліктердің кесірінен құрылысы дереу тоқтатылған. Сәйкесінше, қазына қаржысы талан-таражға түспей кері қайтарылды. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу