Қарағанды мен Таразда терроризмге қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды мен Таразда терроризмге қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды

03.02.2020
Қарағанды мен Таразда терроризмге қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Хабарламаларға жазылу