Алдағы үш күнде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы үш күнде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады

03.02.2020
Алдағы үш күнде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер 4-6 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген облыста қайтадан жауын-шашын, жылбысқы қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Күшті екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. 

Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды. 

Ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. 

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус -5... +5°С-қа дейін, оңтүстік және батыста +3…+8°С болады. Қиыр оңтүстікте +15°С-қа дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады, деп хабарлайды Қазгидромет.



Хабарламаларға жазылу