Түркия әскері кек алуды жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия әскері кек алуды жалғастырады

03.02.2020

Түркия Сирия қарулы күштерінен кек алуды тоқтатпайды. Мұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоған ескертті. Мұндай мәлімдемені ол Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында артиллериялық шабуылдан түріктің төрт жауынгері мерт болып, тоғызы жараланғаннан кейін жасады. 

Сонымен қатар Ердоғанның айтуынша, Араб Республикасына жауап қайтару кезінде түрік армиясы 30-35 сириялықты жойған. Президент Ресейді бұл жанжалға араласпауға шақырды. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу