Ірі зауыттарға заманауи технологияларды пайдалану міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі зауыттарға заманауи технологияларды пайдалану міндеттеледі

03.02.2020

Ірі кәсіпорындарға ауаны ластау көрсеткіші бойынша шектеулер қойылады. Мұндай талап жаңа Экологиялық кодексте қойылған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша ауаны негізгі ластаушылар ірі өнеркәсіп нысандары, автокөлік және жеке тұрғын үйлер. Бір жылдың ішінде олар атмосфераға 2,4 миллион тонна улы газ бөлген. Енді ірі зауыттар бөлінентін газ мөлшерін сүзгіден өткізу үшін жаңа, заманауи технологияларды пайдалануға міндеттеледі. Ал мемлекет талабын орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу