Коронавирус Қазақстан экономикасына да әсерін тигізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус Қазақстан экономикасына да әсерін тигізіп жатыр

03.02.2020

Коронавирус тек денсаулық сақтау саласына ғана емес, ел экономикасына да әсерін тигізіп отыр. Теңге бағамы бүгін 0,4 пайызға әлсіреді. Ал таңертең ашылған Шанхай Композит қор биржасының негізгі индексі бірден 8 пайызға құлдырады. Бұл – 2015 жылдан кейінгі қайталанған рекордты көрсеткіш. Қытай үкіметі қор нарығының өтімділігін арттыру үшін 174 миллиард доллар қаражат салды. Көрші елде мұнайды пайдалану деңгейі тәулігіне 3 миллион баррелге қысқарған. Мұнайға сұраныстың 20 пайызға төмендеуі ОПЕК ұйымына мүше елдердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Сонымен қатар мысқа сұраныстың төмендеуінің әсерінен Қазақстан қор нарығының негізгі индексі 1,5 пайызға төмендеді.

Махамбет


Хабарламаларға жазылу