Осылайша материктік Қытайдан тысқары жерлерде жаңа инфекциядан осымен екінші адам жантәсілім етіп отыр. Бұған дейін Филиппинде де бір адам осы вирустың құрбанына айналған еді.
Соңғы ақпаратқа жүгінсек, өткен тәуліктің өзінде Қытайда коронавирустан 64 адам қайтыс болып, құрбандардың жалпы саны 425-ке жетті. Ал оны жұқтырғандар 20400-ден асып отыр. Бұл вирус әлемнің 23 елінде 151 адамнан табылды.
Арыстан Рысбек