Өскемен әуежайында корновирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен әуежайында корновирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

04.02.2020

Өскемен әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті. Басты мақсат — барлық қызметтердің қауіпті дерттің алдын алуға бағытталған іс-қимыл тәртібін пысықтау. Жоспарланған сценарий бойынша, алдымен шартты түрде инфекция белгілері бар жолаушы анықталды. Кейін ұшақ ішіне бірінші болып кіретін дәрігерлер науқастың қан қысымы мен дене қызуын өлшеді. Бұдан соң, сырқат адамды арнайы капсулаға жатқызып, жедел-жәрдем көлігімен бірден ауруханаға алып кетті. Ал екінші жоспарға сай, жолаушыны алдымен әуежайдағы оқшаулау бөлмесіне жатқызып, тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізді.   

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу