Шетелдік нөмірі бар көліктерді жаңа ереже бойынша қалай тіркеуге болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік нөмірі бар көліктерді жаңа ереже бойынша қалай тіркеуге болады?

04.02.2020

Шетелдік нөмір таққан көліктерді уақытша тіркеу науқаны басталды. Қазақстандық техникалық құжат беріліп, тізімге алынады. Міндетті мемлекеттік төлемдерден тек алғашқы тіркеу жарнасы ғана алынады. Кедендік баж салығы мен утилизациялық жинақты алдағы 1 жылдың ішінде төлеуге болады.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қызған тірлік. Біз алғашқылардың бірі болып Ресейде тіркелген көлікке уақытша құжат алуға келдік. Алғашқы тіркеу жарнасының құны тіркеуге қойылатын көліктің шыққан жылына байланысты.

Жалпақ тілмен айтқанда, мемлекет міндетті төлемдерді 1 жыл ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Құзырлы орган өкілдері қарапайым халық осыны түсініп, құжаттарын толық реттеп алса игі.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу