Twitter әлеуметтік желісі 5 наурыздан бастап жалған ақпараттарды, соның ішінде фейк фотосуреттер мен видеоларды таңбалайды. Бұл туралы компанияның микроблогында хабарланды.
Осылайша сервис өкілдері жалған хабар таратудың алдын алмақ. Олардың айтуынша, қолданушылар шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттармен бөлісер алдында арнайы ескерту алады. Ал адамдарға қауіп төндіретін, жаппай тәртіпсіздік туғызатын хабарламалар міндетті түрде өшірілетін болады.
Жалған ақпаратты анықтау үшін мына факторларға назар аударылады:
• Контенттің уақыты мен құрылымының өңделгеніне;
• Аудио/видео форматтағы контенттерге видеокадрлар немесе дыбыс қосылғанына, субтитрлардың өзгергеніне;
• Шынайы адамның түр-тұлғасының қолдан жасалмағанына;