Биыл ашық аспан жүйесі аясында 14 жаңа бағыт бойынша әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Бұған Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары қатыспақ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр айтты. Ал Мемлекет басшысы мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді, Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды тапсырды.
Саламат ОМАШ