Алматылық оқушылардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық оқушылардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды

06.02.2020

Еліміздегі барлық мектепте «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік дәрістер басталды. Ал осы сабақты өзгеше өткізудің тәсілін алматылық педагогтар іске асыруда. 

Мәселен, олар өнерлі оқушылардың қолынан шыққан дүниелерді көрмеге қойып, спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламаларды өткізіп жатыр. Шәкірттер мейірімділік пен адамгершілік, ата-ананы қадірлеу және өзге де тәрбиелік маңызы бар тақырыптарда шығарма жазып, өлеңдер оқып, өзара бақ сынауға кірісті. Мұғалімдердің сөзінше, мұндай тағылымды шара өскелең ұрпаққа өнегелі өсиет айтып, рухани, адамгершілік қабілеттерін арттыру үшін қажет.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу