Түркияда жолаушылар ұшағы қонарда жолдан тайып, 3 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 179-ға жетіп отыр. Оқиға Стамбұлдың Сабиха Гөкчен әуежайында сәрсенбі күні болды.
Жалпы алғанда, бортта 183 адам отырған. Солардың алтауы – экипаж мүшелері.
Pegasus Airlines компаниясының лайнері су жолға қатты қонғанда үшке бөлініп қалған.
Жараланғандар дереу жақын маңдағы госпитальдерге жеткізілді. Қазір апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр.
Арыстан Рысбек