Екі елдің ынтымақтастығын арттыру мәселелерін Швеция Корольдігі Парламентінің төрағасы мен Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин талқылады.
Айта кетейік, бұл - Урбан Алиннің елімізге алғашқы ресми сапары. Біздің елімізде шведтік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін 50 кәсіпорын бар. Тараптардың пікірінше, Қазақстан мен Швеция арасында экономикалық әріптестікті одан әрі күшейтудің әлеуеті зор. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, ғарыштық өнеркәсіп, энергетика, фармацевтикалық өндіріс, білім, тау-кен, тұрғын үй салалары - басым бағыттардың бірі.
Мәжіліс спикері Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау жолындағы бастамаларына айрықша назар аударып, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзатты ядролық қарудан азат әлем құруға үндеп келе жатқан шешімдері мен батыл қадамдарына тоқталды.
Индира БЕГАЙДАР