Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Түркияның Стамбұл қаласындағы ұшақ апатында екі қазақстандықтың зардап шеккенін растап отыр. Ведомствоның баспасөз өкілдері хабарлағандай, отандастарымыз жеңіл жарақаттар алған.
Бірі госпитализациядан өз еркімен бас тартса, екіншісі дәрігерлер бақылауынан өтіп, ауруханадан шығарылды.