Қытай билігі коронавирусқа қарсы күреске 9,56 млрд доллар бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай билігі коронавирусқа қарсы күреске 9,56 млрд доллар бөлді

07.02.2020
Қытай билігі коронавирусқа қарсы күреске 9,56 млрд доллар бөлді

2019-nCov коронавирусына қарсы күресте аталған соманың 4,08 млрд АҚШ доллары қазірдің өзінде жұмсалып кеткен.

«Аталған соманың қазірдің өзінде 28,48 млрд юаны (4,08 млрд АҚШ доллары) жұмсалып кетті», - деді баспасөз мәслихатында ҚХР қаржы министрі Үй Уэйпиң. 

Қытайлық шенеуніктің айтуынша, бөлінген қаражаттың төрттен бір бөлігі елдің орталық бюджетінен қарастырылған. Ол аталған қаражат коронавирусқа қарсы күресте субсидия үшін және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, қажеттілігі өткір тауарлар мен азық-түлік қорын толықтыру мақсатында бөлінгенін жеткізді. 

«Қаражат барлық аймақтан келіп жатыр. Орталық үкімет вирустың тарап кетпеуі үшін қажетті барлық шараны қолға алуда», - дейді Үй Уэйпиң.

inform.kz 


Хабарламаларға жазылу