![«Balapan» арнасының жүргізушісі «Жас журналистер-2019» байқауында бас жүлдеге ие болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/8/1581146005144.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Balapan» арнасының жүргізушісі Ләйлім Рысқали республикалық «Жас журналистер-2019» байқауында бас жүлдеге ие болды. 6 ақпанда елордадағы «Kidburg» кәсіптер қалашығында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға байқаудың ұйымдастырушысы «Түркітілдес журналистер қорының» жетекшісі Назия Жоямергенқызы, «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай және жас журналистер мен ата-аналар қатысты.
«Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай марапаттау рәсімінде еліміздегі балаларға арналған басты арнаның 10 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.
Айта кетейік, Ләйлім Рысқали Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақынның өлеңдерін оқу эстафетасын жолдап, көпшілікке танылған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Balapan» арнасының жүргізушісі «Жас журналистер-2019» байқауында бас жүлдеге ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/122478/)