Қытайда коронавирус туралы алғаш рет хабарлап, жазалана жаздаған дәрігер осы инфекциядан өзі қайтыс болды. 34 жастағы Ли Вэньлянның жантәсілім еткенін жергілікті мемлекеттік ақпарат құралдары бірнеше сағат бұрын растады.
Соңғы мәліметке қарағанда, бұл аурудан қайтыс болғандардың саны 636-ға жетті. Ал одан емделіп жатқандар 31100-ден асқан. Және де осындай науқастармен байланыста болған 314 мың адамның жартысынан астамы қазір тексеріліп жатыр.
Арыстан Рысбек