Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы 189 елдің ішінде 50-орынға ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы 189 елдің ішінде 50-орынға ие

07.02.2020

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы 189 елдің ішінде 50-орынға ие. Мұндай мәліметті осы тақырыпқа арналған жиында Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасының өкілдері мәлімдеп отыр. Көрсеткіш адамның денсаулығы, білімге қолжетімділігі және өмір сүру деңгейімен бағаланған. Дегенмен, еліміздегі инфрақұрылым, жолдар, көлік жүйелері мен қоғамдық орындардың сапасы, интернеттің қолжетімсіздігі, халық тығыздығы, ауаның ластануы сияқты күрделі мәселелер әлі де өзекті. Мамандар зерттеу нәтижесінде, әсіресе, Ақмола, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындарының өмір сүру индексі төмен деген дерек келтіріп отыр. Бұлардың барлығы адамның өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мемлекеттік және халықаралық органдардың 100-ге жуық өкілі бас қосып, негізгі мүмкіндіктерді талқыға салды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу