Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болды. Қақтығыс полицияның күшімен тоқтатылды, қазіргі кезде жағдай бақылауда. Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталып жатыр. Полиция департаменті өңірдегі жағдайға байланысты азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесет хабарламаларды таратпауды сұрайды.