Қордайдағы қақтығыстан қаза тапқандарды бүгін жер қойнына тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайдағы қақтығыстан қаза тапқандарды бүгін жер қойнына тапсырды

09.02.2020

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Twitter парақшасында бүгін былай деп жазды: «Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығының кесірінен арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!»

 Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында болған оқиғадан қаза тапқандардың саны 10 ға жетті. Бүгін түсте Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди хабарлаған мәлімет. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева екі адамның реанимацияда көз жұмғанын айтты. Сенбіде 8 адамның оқиға барысында бақилық болғаны хабарланған. 165 адам медициналық көмек сұраған.

Иә, Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты және Бұлан батыр ауылы да аталады, елді-мекендерінің тұрғындары арасында болған қантөгіс оқиға қатты алаңдатты. Қалай және неден басталғанына орай Ішкі істер министрлігі былай дейді – кикілжің 5 ақпанда екі көліктің жүргізушілері бір-біріне жол бермеуінен бастау алған...

Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров фейсбуктегі парағында былай жазды: «Мемлекетіміздің қандай да болсын нүктесінде құқықтық анклав болмауы керек».

...Еліміздің түпкір-түпкіріндегі (Масанчи тәрізді) құқықтық, қоғамдық, адами анклавтарды тауып, заң аясында тегеуірінді емдеу мемлекеттің басты функциясы! Осындай анклавтар мемлекетіміздің қабырғасының обыры.

Бұл енді мәселенің бір ғана қыры екені түсінікті. Президенттің «Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы кесірінен» деуі бекер емес. Қордай ауданында жүрген тілшілеріміз бүгін жіберген материал.  

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу