Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды

10.02.2020
Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды

Приморье ауылының жағалауындағы су қызыл түске боялып, тұрғындардың зәресін ұшырды.

Осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалды. Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған еді. Олар балықтарға қауіп төндірмейді.

2018 жылы 1-шағын ауданның жағалауында, «Шағала» қонақүйінен «Нұр плаза» жағажайына дейінгі теңіз суы да қызыл түске боялған.

Экологтардың хабарлауынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған.

lada.kz


Хабарламаларға жазылу