Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет комиссиясы алдымен оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасына барды. Олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. Асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдем берілетінін айтты.
Комиссия мүшелері Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе, Бұлан батыр сынды 5 елді мекеннің ақсақалдарын жиып, кеңес өткізді. Жиынға қатысқан қариялар жастармен рухани тәрбие жұмыстарында кемшіліктер бар деген тоқтамға келді. Ал ауыл ақсақалдары сол проблемаларды енді бірге кеңесіп, шешетін болады.
Қазір өңірде жағдай тұрақталған. Оқиғаның салдарынан құжатын жоғалтқан 22 азаматқа жаңа жеке куәлік берілген. Жанжалдан келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН