Алдағы уақытта еліміздегі ЖОО саны 130-дан 110-ға дейін қысқарады. Бүгін жоғары оқу орындары ассоциациясының президенті Рахман Алшанов орталық коммуникациялар қызметінде осылай деп мәлімдеді. Қазір елдегі университеттерді оңтайландыру жөнінде мемлекеттік комиссия құрылған. Мұнай, өндіріс, металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтіндердің 99% Қазақстанда оқыған. Дегенмен, жұмысқа орналасу жағы қиын. Республикада 7 аймақта қалыптасқан университеттер бар. Солардың базасында білім беру институттарын құру керек деген пікір айтылды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ