Лондонда қазақстандық студенттерге арналған жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қазақстандық студенттерге арналған жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

11.02.2020

Ұлыбританияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер жұмысқа орналасудың нақты шарттары мен талаптары жайлы Job fair 2020 арнайы жұмыс жәрмеңкесінен жан-жақты мағлұмат алды. Үшінші жыл қатарынан Қазақстан Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі елшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға биыл 130-дан астам бакалавр, магистратура және докторантура студенттері қатысуға ниет білдірген.

Биыл еліміздің ұлттық компаниялары мен халықаралық қаржы орталығының өкілдері үміткерлердің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы ақпаратпен бөлісті. 

Хабарламаларға жазылу