Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрін қабылдады. Кездесуде Мағзұм Мырзағалиев өз саласы бойынша Президент тапсырмасының тұрақты орындалып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар экологиялық кодекс әзірленіп, парламент қарауына енгізілгені туралы айтылды. Су ресурстарын басқару және геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары да сөз болды. Кездесу соңында, Мемлекет басшысы министрге тиісті бағдарламаларды дайындау барысында еліміздегі су қауіпсіздігінің барлық аспектілерін мұқият талдауды тапсырды.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ