Бүгін Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды. Дариға Назарбаева банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Кездесу барысында ел экономикасының дамуын жеделдету, адамдардың табысын арттыру және мемлекет бюджетінің табысты бөлігін ұлғайтудағы сенаттың жұмысы айтылды. Ал Лилия Бурунчук Қазақстанда қабылданған салықтық реформалардың нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеуді ұсынды. Кездесу нәтижесінде екі жақ ақыл-кеңес алмасуды одан әрі жалғастыруға келісті.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ