Қырғызстанға қашқан 8 мың адам қайта оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанға қашқан 8 мың адам қайта оралды

11.02.2020

Қордай ауданындағы тәртіпсіздік кезінде Қырғызстанға қарай қашқандар жаппай елге орала бастады. Бүгін Үкіметте есеп берген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Масаншы, Аухатты, Сортөбе секілді ауылдарға қайтарылғандар саны 8 мыңға жеткенін мәлімдеді. Ал төбелес кезінде зардап шеккендерге білікті дәрігерлер қол ұшын созып жатыр.

Десе де қақтығыс кезінде қатты жараланған екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың денсаулығына қатысты бірдеңе айтуға ерте екеніне айтады әкім. Ал келтірілген шығын көлемі әзірге белгісіз. Комиссия үйлер мен көліктер өртенген жерде әлі жұмыс істеп жүр. Кінәлілерді жазалау үшін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Қазір осы баптар бойынша күдікке ілінгендер ұсталып, тергеліп жатыр. Жалпы Қордайдағы жағдайдың тұрақталып келе жатқанын айтқан Сапарбаев өзінің әкім қызметіне тағайындалуына қытысты да пікірін білдірді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу